26 наурыз күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қалиева онлайн вебинар өткізді

26 наурыз күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қалиева тәрбиешілермен «Жемқорлықсыз болашақ»  тақырыбында онлайн вебинар өткізді.

Вебинар барысында А. Қалиева сыбайлас жемқорлық түрлерінің негізгі мәселелеріне тоқталды, атап айтқанда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңда сыбайлас жемқорлық әрекеттері екі түрге бөлінетіндігі жайлы тоқталып өтті. Біріншісі үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қылмыстық жауаптылық пен жаза, екіншісі үшін – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылық пен жаза туындайтыны жайлы ақпарат берді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі: "Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар" туралы айтты. Бұл тарауда жазалауға жататын қылмыстық қылмыстар ретінде сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлері жіктеледі: қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану; билікті асыра пайдалану; кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу; заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау; пара алу; жауапты адамға жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру; парақорлыққа делдал болу; Қызметтік жалғандық жасау; қызметтегі Әрекетсіздік.