Жаңалықтар

22-04-2024 07:24
Астана қаласында, 2024 жылдың 20 сәуірінде, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларын Техникалық және кәсіптік
18-04-2024 14:45
Бүгің, 18 сәуірде, Астана қаласында орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде
18-04-2024 14:32
          Балалармен жол- көлік  қозғалысы ережелері туралы әңгімелесу  - білім беру мекемелері
15-04-2024 13:05
Жуырда, София қаласында (Болгария) көркем гимнастикадан дәстүрлі "Palms Music" атты халықаралық турниры өтті.Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-к

Біздің мақтаныштарымыз

 

Біздің бөлімшелер


 
  • Мектеп

  • Колледж

  • "Қажымұқан" спорттық-сауықтыру кешені

  • “Олимпиец” сауықтыру-қалпына келтіру кешені

  • Спорттық бөлім

  • Жатақхана

  • Медициналық бөлім

  • Асхана

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіруге арналған дөңгелек үстел.

 Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі қабырғасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы  24-қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның мақсаты – келешек Қазақстанның бағдарламалық құжатын, оның әр тармақтарының жүйелі және айқын іске асырылуын талқылау.

Дөңгелек үстелдің қонағы «Нұр  Отан»  партиясы, Астана қалалық  «Бірлік»  филиалы төрағасының бірінші орынбасары -  Қожахметов Шыңғыс Шопанұлы Жолдаудағы Мемлекет басшысының белгілеп берген  дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10 негізгі міндетіне тоқталды. Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажеттігін атап көрсетті.

 Оқу ісінің әдіскері Т.Н. Чиркова «Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан сөзіне тоқталды. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу туралы ақпарат берді. Мектебіміздің дәрігері Г.Қ. Чоманова денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер туралы кеңінен атап өтті.

Дөңгелек үстел мекеме қызметкерлерінің  еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару және «Ақылды қалалар - ақылды ұлт үшін» деген мәселелерге көзқарастарын білдірумен қорытындыланды.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі туралы

 

Қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің сайтына қош келдіңіздер.

Біздің мектеп, жазғы және қысқы Олимпиада спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары үшін спорт резервін даярлайтын жалпы білім беретін мамандандырылған мекемесі болып табылады.

Көпұлтты елімізді Әлемге таныткан атақты тұлғалар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шәмил Серіков, Валерий Люкин, Валерий Тихоненко, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Дәулет Тұрлыханов, Елена Чебукина, Ольга Кривошеева, Ислам Байрамуков біздің мектептің табалдырғынан шыққан түлектері.

Сайтымыздың парақшаларында мектебіміздің тарихымен, біздің спорттық жетістіктерімен және білім алу мен тәрбие бағыттарымен танысаласыздар.

Сонымен қатар, мектеп-интернат-колледжіне түсу үшін қойылатын талаптарымен, білім алуға, жаттығу жасауға, спортшылардың тамақтануы және тұрғын орындары жөнінде танысуға болады.

Мекеменің материалдық базаларын көрсетеміз және спорт мектебіміздің болашақтағы даму жоспары туралы айтып береміз.

Біздің мектептің шәкірті болу үлкен абырой! Чемпион болу үлкен құрмет және мақтаныш!

Сіздерді, біздің сайтымызда арқашан көруге қуаныштымыз және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!